Жапонияда Парламент сайлауынан кейін, иен мен қор нарығы құлдырауы мүмкін
Жапонияда Парламент сайлауында биліктегі партия бірнеше позициясынан айырылғаннан кейін, жапон иені мен қор нарығы әлсірейді деп күтілуде.
Reuters ақпаратына сүйенсек, елдегі мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда премьер-министр Шигеру Исиба бастаған «Комайто» партиясы мен Либералды-демократиялық партия (ЛДП) басқарушы коалиция құқығынан айырылды. Парламентте абсолютті көпшілік коалиция болу үшін 233 мандат қажет.
Дауыстарды санағаннан кейін, ЛДП мен «Комайто» бұрынғы 279 депутаттық орынның орнына 209 мандат алды. Өз кезегінде Жапонияның оппозициялық Конституциялық-демократиялық партиясы (КДП) алдын-ала мәліметтер бойынша парламенттегі өкілдігін 98-ден 143 мандатқа дейін арттырды.
Сайлау қорытындысы Үкімет құрамының өзгеруіне әсер етпейді. Дегенмен премьер-министрдің ұсыныстары абсолютті көпшілік дауыс жинай алмайды. Яғни Үкімет өз саясатын Парламент күшімен бекітуі қиындайды. Бұл өз кезегіндегі елдегі экономикалық өзгерістерді тежеп, иен мен қор нарығының әлсіреуіне алып келеді деп болжанып отыр. Cайлауда жапондықтар үшін негізгі тақырыптар экономика және инфляция болған.