Air Astana қысқы ұшу кестесіне ауысып, жаңа рейстер ашты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Air Astana қысқы ұшу кестесіне ауысты / фото: shutterstock

27 қазаннан бастап Air Astana қысқы кестеге көшіп, жаңа халықаралық бағыттармен маусымды ашты.

Жаңа маусым қарсаңында әуе компания Атырау мен Дубай арасында аптасына екі рет орындалатын тікелей рейс ашты. Сонымен қатар Алматыдан Дубайға аптасына 11 рет, ал Астанадан Дубайға 9 рет рейс жасалады. Бұдан басқа, қазан айының соңынан Air Astana Астанадан Абу-Дабиге аптасына екі рет, ал желтоқсаннан Алматыдан да дәл осындай жиілікпен рейстерді жүзеге асырады

Сауд Арабиясына бағытталған рейстердің географиясы да кеңейеді: Алматыдан Мединаға аптасына 2 рет ұшады. Джиддаға да аптасына 2 рейс жалғасады, ал Шымкенттен Джидда мен Мединаға бір рейс жоспарланған.

Ал экзотикалық демалыс іздегендер үшін Астанадан Пхукетке аптасына 3 рет рейс қосылды, Алматыдан Пхукетке 11 рейс және Бангкокқа күн сайынғы рейстер жалғасады.

28 қазаннан бастап Алматыдан Вьетнамның Фукуок аралына аптасына 5 рет рейс ашылады. Еуропа бағыттарын таңдаушылар үшін Air Astana Астанадан Франкфуртқа 5 рет, Алматыдан Лондонға 2 рет тікелей рейс ұсынады. Атыраудан Амстердамға рейстер де бар. Қысқы кестемен қатар, Air Astana Ташкентке 11 рет, Делиға 9 рет, Бишкекке күн сайын, Тбилисиге 4 рет, Баку мен Душанбеға 2 рет рейс ұйымдастырады.

Әуе компания жалпы 13 ішкі және 40 халықаралық бағыт бойынша рейстерді жоспарлап отыр, соның ішінде чартерлік рейстер бар. Қазақстан азаматтарына биыл Қытай, Вьетнам және Тайландқа визасыз режим енгізілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз