Назарбаевтың серігі, ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев волейбол федерациясы төрағалығынан кетті, оның орнына Қаржы министрі сайланды
Назарбаевтың серігі, ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев волейбол федерациясы төрағалығынан кетті. Бұл туралы 27 қазан күні Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының (КВФ) есеп беру коференциясында айтылды.
Кездесу барысында 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының делегаттары, сонымен қатар өкілеттілікті иеленген КВФ жетекшілері дауыс беру арқылы жаңа президент ретінде Мәди Такиев сайланды.
Айта кетейік, Нұртай Әбіқаев федерацияны 26 жыл бойы басқарып келген. Алайда жазда волейбол құрамасы келесі олимпиадалық маусымға жаңа президентпен дайындалатынын айтқан еді.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан волейбол құрамасы лицензия ала алмады.
Конференцияда 64 делегаттың 43-і Такиевтің кандидатурасын қолдаса, 11-і қалыс қалды. Осылайша, Такиев КВФ-ның жаңа президенті болып сайланды. Жаңа президент жақын арада үш вице-президент пен жаңа бас хатшыны тағайындайды.
Жаңа басшы өз сөзінде делегаттарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, Нұртай Әбіқаевтың жұмысына құрмет көрсетіп, оны Федерацияның «құрметті президенті» және Қамқоршылық кеңесінің басшысы ету ұсынысын білдірді.
Әбіқаев алғыс білдірді:
«Құрметті достар, әріптестер, меймандар, волейбол қоғамының өкілдері! Федерацияны басқару міндетін жаңа жетекшілерге өткізу уақыты келді. Біз 30 жылдық жолды артқа тастап, волейбол еліміздегі олимпиадалық спорт түрлері арасында көшбасшы екенін мақтан тұтамыз. 2028 жылға қарай отандық волейбол 100 жылдығын атап өтеді. Осы уақытта Федерация жаңа жеңістер мен жетістіктерді тіркейді деп үміттенемін. Біз қол жеткізген жетістіктеріміз тарихта мәңгі қалады, ал жаңа жетекшіліктің міндеті – оны одан әрі арттыру.»
Еске сала кетейік, Нұртай Әбіқаев бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Президент әкімшілігін басқарды және Сенат депутаты да болды.