Air Astana компаниясы Астана-Орал рейсінен қалып қойған Зеренің анасына 5 млн теңге өтемақы төлейді

Жарияланды (жаңартылды )
Flyaristan
Air Astana Астана-Орал рейсінен қалып қойған қыздың анасына 5 млн теңге өтемақы төлейді/ фото: kursiv.media

Сот шешімімен Air Astana компаниясы Зеренің анасы Жазира Мусинаға 5 млн теңге моральдық өтемақы төледі. Бұл жөнінде оралдық тұрғынның қорғаушысы Данилхан Шағалбаев хабарлады.

21 шілде күні Астана әуежайында Зере Галиева FlyArystan ұшағына Оралға ұшуға тиіс болды. Бірақ сол күні Астана-Орал рейсі әуекомпаниясының жергілікті қызметі 188 орындығы бар бортты 180 орындығы бар ұшаққа алмастырған. Оған қоса 19, 20 шілде күндері әуе рейсімен ұшып кете алмаған жолаушылар осы бортқа орналасқан.

Сағат 13:40 пен 15:00 аралығында әуежайда Зере жалғыз өзі қалып қойған. Содан кейін анасы оны полиция бөліміне алдыртқан.

Әуе компаниясы қызды қаланың шетіндегі қонақүйге орналастыруды ұсынды. Бірақ Зеренің анасы одан бас тартты. Өйткені қыздың жанында болатын адам үшін қонақүй шығынын FlyArystan төлемейтінін мәлімдеген.

Осылай әуре-сарсаңға салған компанияны Жазира Мусина сотқа тартты.

«Бастапқыда бұл мәселе қоғамда резонанс тудырмайынша, біздің шағымымызға мән берілмеді. Бұл бірінші жағдай болмағандықтан, олар баланың анасымен бірге кәмелетке толмаған жолаушылардың құқықтарын қамтамасыз етуде нақты өзгерістерге қол жеткізу үшін барлық жолмен жүруге шешім қабылдады. Ал қазір Комитет түзетулермен жұмыс істеп жатыр», – деп жазды адвокат интсаграмм желісінде.

FlyArystan компаниясының басшысы Ричард Леджере Жазира Мусинамен кездесіп, 5 млн теңге өтемақы төлеуге дайын екенін айтты. Бірақ Мусина ол ұсыныстан бас тартқан. Одан кейін Air Astana әуе компаниясына 3,7 миллион теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыз