Жаңалықтар

Қазақстанда 30 қазан күні телевидение мен радио жұмыс істемейді

30 қазан күні телевидение мен радио жұмыс істемейді/фото: kursiv.media

30 қазанда республикалық телерадиоарналар үзіліс жасайды. Сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл жөнінде «Қазтелерадио» АҚ хабарлады.

Жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындаы серивстер жабылады.

«Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», – деп анықтама берді компания.

«Қазтелерадио» 29-31 қазан күндері Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында телеарна және радио стансаларында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін, соған сәйкес уақытша хабар тарату тоқтатылатынын ескертктен.