Тбилисидегі жаппай наразылықтардан кейін, Грузия Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлауда дауыс беру нәтижелерін қайта есептеу туралы шешім қабылдады. Комиссия әр сайлау округіндегі бес сайлау учаскесінің бюллетеньдерін қайта санайды. Учаскілер жеребе арқылы таңдалды.
«Аудандық сайлау комиссиялары әр сайлау округінде кездейсоқ анықталған бес сайлау учаскесіндегі бюллетеньдерді санайды», – делінген хабарламада.
Өңірлерде санау жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де басталады. Тек Тбилисиде санау сағат 17:00-де басталуы тиіс. ОСК «ашықтықты қамтамасыз ету» үшін тиісті органдар есептеуді бақылай алатынын қосты.
28 қазанда Грузияда Парламент сайлауының нәтижесіне қарсылық білдірушілер жаппай наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар сайлауды қайта өткізу туралы талап қойған.
Айта кетейік, елдегі сайлауда ресейшіл саналатын «Грузин арманы» партиясы жеңіске жеткен. Осыдан кейін өзге партиялар парламентке байкот жариялап, оның жұмысына қатысудан бас тартқан.
Ел президенті Саломе Зурабишвили сайлау қорытындысын қабылдаудан бас тартып, грузиндерді көшеге шығуға шақырды. Оның бұл ойын түрмеден отырған бұрынғы президент Михаил Саакашвили де қолдаған.