НАТО әскери ұйымының бас хатшысы Марк Рютте Солтүстік Корея әскерінің Ресейдің Курск облысына келгенін растады.
«КХДР әскерлерінің Ресейге жіберілгенін және Солтүстік Кореяның әскери бөлімдері Курск облысына орналастырылғанын растай аламын», — деп келтірді Рюттенің сөзін Рolitico.
Альянстың бас хатшысы Солтүстік Кореяның қақтығысқа қатысуын «айтарлықтай шиеленісу» және «соғыс қаупінің артуы» деп бағалады.
Ол блоктың ішінде, сондай-ақ Украина және Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы серіктестерімен «белсенді консультациялар» жүргізіп жатқанын хабарлады. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Елмен және Украинаның Қорғаныс министрі Рүстем Модеровпен жақын арада тілдескенін айтты.
Қазан айында Украина мен Оңтүстік Кореяның барлау қызметі КХДР әскерінің Ресейге жеткенін туралы мәлімдеген. Курск облысына Солтүстік Кореяның «бірнеше мың» әскери күштері жіберілген. Мәскеу де, Пхеньян да бұл деректерді растамаған.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Солтүстік Корея әскерінің келуіне байланысты сұраққа жауап бермей, оның орнына Украинада батыс елдері әскерінің нұсқаушы болып жүргенін айтты.