Грузияда өткен Парламент сайлауының нәтижесіне келіспеген халық Тбилисидің орталық алаңына жиналды. Наразылық акциясына қатысушылар халықаралық ұйымдардың бақылауымен жаңа сайлау өткізуді талап етті.
Наразылық білдірушілер саны артқаннан кейін оппозициялық партиялар Парламентке бойкот жариялап, оның жұмысына қатысудан бас тартты.
Елдің орталық сайлау комиссиясы шығарған мәліметтерге сәйкес, ЕуроОдаққа кіруге қарсы, Еуразиялық Одаққа кіруді қолдайтын «Грузин арманы» партиясы сайлаушылардың 54,8% дауысын алған.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили дауыс беру нәтижелерін «заңсыз» деп атап, халықты көшеге шығуға шақырған. Оның бұл сөзін қазір түрмеде отырған бұрынғы президент Михаил Саакашвили қолдаған.
Премьер-министр Ираклий Кобахидзе оппозицияның дауыс беру нәтижелерін мойындаудан бас тартқанына қарамастан, ел Үкіметі бекітілетінін айтқан.
ЕуроОдақ елдегі сайлауда көптеген құқық бұзушылықтар болғанын хабарлап, орталық сайлау комиссиясымен өзге де билік органдарын тергеу жүргізуге шақырған.