Ақтөбеде 60 млн теңгеге жуық шығын келтірген қаржы пирамида ұйыдастырушылары сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қаржы пирамида ұйымдастырушылары сотталды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ақтөбеде 60 млн теңгеге жуық шығын келтірген қаржы пирамида ұйыдастырушылары сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

ҚЖА мәліметінше, қаржы пирамида ұйымдастырушылары өздерін Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген. 

Жиындарда күдіктілер қаржылық  инвестициялар, тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген жерінен пәтер және жаңа көлік сатып алу жайлы ақпараттармен азаматтарды қызықтырған. Осы арқылы олар жаңа салымшыларды тартып, оларға ай сайын ақша салып одан сыйақы алатынына сендірген.Күдіктілердің заңсыз әрекетінен 60 млн теңгеге жуық шығын келген.

Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді.

ҚЖА мәліметінше, жыл басынан бері қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық іс аяқталды, олардың ұйымдастырушылары 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірді. Қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырғаны және жарнамалағаны үшін 53 адамға қатысты 35 сот үкімі шықты. Олар 2 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,7 мың сайт пен сілтеме бұғаттауға жолданды. «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» – да 300-ге жуық чат бұғатталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және өз ақшаларын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауын ескертті.

Сонымен қатар, ҚМА адам ақша салғысы келетін компанияны қаржы пирамидасының белгілеріне тексеруге мүмкіндік беретін Телеграм ботты іске қосты.

Сондай-ақ оқыңыз