Жаңалықтар

Қазақстанда әрбір блогер тоғыз айда орта есеппен 1,6 млн теңге салық төледі

Блогерлер 1,2 млрд салық төледі / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда ресми түрде 745 блогер тіркелген. Олар 2024 жылдың тоғыз айында мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам салық аударды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңы бойынша инфлюенсер (блогер) – онлайн платформаларда кәсіпкерлік мақсатта ақпарат жариялайтын тұлға. Қазіргі уақытта елімізде 745 блогер бар (тізім Instagram, YouTube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалардан құралады). Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, соның ішінде жарнама мен ақпараттық өнімдерді жылжытудан түскен табыстарына салық салынады», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, егер блогер жалдамалы қызметкерлерді пайдаланса немесе оның жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асса (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, яғни 1 020 000 теңге) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлі блогерлер онлайн жарнаманы таңбалауға міндеттілетін бұйрыққа қол қойған еді. Блогерлер жарнаманы арнайы министрлік бекіткен мәтінмен таңбалауы тиіс.