Lifestyle

«Америкалық арман» құны 4,4 млн доллар деп есептелінеді

Америкалық арман неге қымбат?/ коллаж: kursiv.media

2024 жылы америкалық арман орта есеппен 4,4 миллион долларды құрайды деген. Investopedia статистикасын TENGENOMIKA телеграм-арнасы назарға ұсынды.

Онда үй жағдайында өмір сүру бойынша орташа бағам болжаммен есептелінген. Оның ішінде үйлену, екі баланы тәрбиелеу, үй сатып алу, отбасына жаңа көліктер сатып алу, зейнеткерлікке ақша жинау, жыл сайынғы еңбек демалысы және тағы басқа шығындар қарастырылды.

Көпшілік көз тіккен Америкада зейнеткерлікке шығу үлкен дайындықты талап етеді. Ең кем дегенде зейнет жасына жеткенше қорға 1,6 миллион доллар жинақтау керек.

Ал үй сатып алу үшін 20% бастапқы жарна мен 30 жылдық ипотеканы ескере отырып, жалпы сомасы 930 мың АҚШ доллары қажет.

Одан кейін бір отбасы 17 жасқа дейінгі екі баланы тәрбиелеуге және мемлекеттік колледжде төрт жыл оқуға 832 мың доллар төлеуге дайын болуға тиіс. Ал 29-дан 74 жасқа дейінгі екі жаңа көлікке ие болу үшін 811 мың доллар жұмсалады. Бұл машинаны жөндеу, жүргізу шығыны есепке алынбаған.

Дегенмен АҚШ Халық санағы Бюросы Америка қоғамдастығы сауалнамасына сәйкес, АҚШ-тағы орташа бакалавр дәрежесінің иегері мансап жолында шамамен 2,8 миллион доллар табыс табады. Ал әйелдер 2,4 миллион доллар, ал ер адамдар 3,3 миллион доллар жұмсайды.

Осы тұста айта кеткен жөн, 4,4 миллион АҚШ доллары – өмір сүру үшін жұмсалынатын жалпы қаражаттың бір бөлігі ғана.

Азық-түлік алу, денсаулық сақтау, автокөлікті сақтандыру және басқа да тұрмыс қажеттілігін Investopedia америкалық арман есебіне қоспайды.

Тиісінше, америкалық арман өте қымбатқа түседі. Тіпті бакалавр дәрежесі бар орташа америкалықтың өзі бақуатты тұрмыс кеше алмайды деген сөз.

«4,4 миллион АҚШ доллары қазіргі бағам бойынша 2,1 миллиард теңгені құрайды. Қазақстанда осындай сома 3 адамнан тұратын 3-4 үй шаруашылығына «қазақ арманын» жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп жазды TENGENOMIKA.