«ҚазАвтожол» АҚ Қызылорда – Жезқазған жолын жөндеу үшін Азия даму банкінен (АДБ) 291 млн доллар қарыз алады. Бұл туралыАДБ баспасөз қызметі хабарлады. Яғни банк несиесіне Қызылорда – Жезқазған тас жолының 208 шақырымы жаңғыртылады.
Жолды қалпына келтіру жол жүру уақытын төрт сағаттан екі сағатқа дейін қысқартады. Жоба жасанды кедергі жолақтарын орнатуды, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерін жасауды және жол айрығын салуды қамтиды. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтып, жолдың осы бөлігіндегі қауіпсіздікті күшейтеді.
«Реконструкция сонымен қатар көрші елдермен стратегиялық сауда жолдары болып табылатын Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасының үш дәлізі (1, 2 және 6) арасындағы байланысты жақсартады», – делінген хабарламада.
Азия даму банкі 1966 жылы құрылған. Оның акционерлері – 69 мемлекет, оның 49-ы Азия-Тынық мұхиты аймағында орналасқан.
Мамыр айының ортасында Көлік министрлігі биыл 12 мың шақырым жолды, оның ішінде Қызылорда – Жезқазған жолының Ұлытау өңіріндегі учаскесін жөндеуді жоспарлап отырғанын хабарлады.