Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухке Алтай аймағының туризмін бірлесіп дамытуды ұсынды.
«Қазақстандық туроператорлар моңғол туристеріне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан ежелгі Түркістан қаласын таныстыра алады. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның мазары тұрған Ұлытау облысын және басқа да туристік орындарды көрсетуге болады. Сондай-ақ біз Моңғолиямен Алтай туризм кластерін дамытуға және ортақ туристік бағыттарды қалыптастыруға мүдделіміз», – деді Тоқаев моңғол президентімен Ұлан-Батырда кездесу кезінде.
Бұған қоса, Қазақстан президенті елорда да өткен Көшпенділер ойынына келген моңғол спотшыларына алғыс атап өтіп, осы елден келетін студенттерге квотаны арттыра алатынын айтты.
Моңғолия президенті Тоқаевқа 60 мыңнан астам сөз енген қазақ-моңғол сөздігін сыйлады. Бұған қоса, екі елдің экономикалық әлеуеті туралы айтып, шығыс пен батыс арасында алтын көпір болу мүмкіндігі туралы сөз қозғады.
«Ұлан-Батыр Қазақстанның экономикалық даму тәжірибесіне ден қойып отыр. Сонымен қатар сауда, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, ғарышты зерттеу салаларындағы екіжақты жобаларды тиімді жүзеге асыруға айрықша мән береді», – деді Хурэлсух.
Ол Тоқаевтың қазақ-моңғол елдері арасында тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу ұсынысын қолдады. Өз кезегінде Тоқаев Хурэлсухті келер жылы Қазақстан ресми сапармен келуге шақырды.