Ұлттық қорда 100 млрд доллар жинақталу үшін Үкімет 2026 жылдан бастап қордан алынатын қаржыны екі есе қысқартуы керек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Байбазаров
Коллаж: kursiv.media, бильд дедактор Ахтам Зиперов

2030 жылға дейін Ұлттық қорға 100 млрд доллар жиналуы үшін Үкімет 2026 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын қаржыны жылына 5 млрд долларға дейін қысқартуға тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

Жиында депутат Наталья Савельева «Ұлттық қордан алынатын қаржы жыл сайын артып жатыр, ендеше 2030 жылға қарай қордағы қаржыны мақсатты 100 мың долларға қалай жеткіземіз» деп сұрады.

«Республикалық бюджет жобасына сәйкес, Ұлттық қордан 2 трлн теңге кепілдендірілген трансферттен бөлек, 3,3 трлн тгеңге нысаналы трансферт те алынады. Сонда жыл сайын ұлттық қордан 5,3 трлн теңге көлемінде ақша бөлінейін деп отыр. Ал Үкіметтің трансфертті азайту туралы әңгімелері жәй сөз болып отыр. Осы ретте депутаттар тарапынан Үкімет осы жоспары қалай орындайды деген сауал туындап отыр», – деп вице-премьердің жауап беруін сұрады.

Байбазаровтың айтуынша, Ұлттық қордағы жинақ қаржы көлеміне екі фактор әсер етеді. Біріншісі – өндірілетін мұнай көлемі. Ол 2030 жылға қарай жылына 105 миллион баррель деңгейінде тұрақтануы тиіс. Үкімет болжамы бойынша, Brent маркалы мұнай барреліне 75 долларды құрайды.

«Екінші фактор – алынатын қаржы көлемі. Біздің есептеуімізше, бұл көрсеткішке жету үшін орташа есеппен 2026 жылдан бастап алынатын қаржы көлемін жылына 5 миллиард долларға дейін азайтуымыз керек. Ол үшін Үкімет бюжет түсімдерін Ұлттық қор қаржысымен емес, салық түсімдерімен толықтыру жолып қарастырып жатыр. Жаңа Салық кодексі әзірленуде», – деді Байбазаров.

Үкімет 2025 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін 2 трлн теңге деңгейінде, нысаналы трансфертті – 3,25 трлн теңге көлемінде белгіледі. Нәтижесінде келер жылы қордан 5,25 трлн теңге алынбақ.

2024 жылы Ұлттық қордан 3,6 триллион теңге көлемінде қарды алу жоспарланғанымен кұздің басында үкімет Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге сұрады. Нәтижесінде алынған қаржы көлемі 5,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, «енді Ұлттық қордан берілетін тікелей трансферттер мен басқа алымдар көлемі барлық ақша массасының шамамен 16%-ын құрайды».

Сондай-ақ оқыңыз