Ғалымдар дабыл қағуда: Каспий жағалауында 289 итбалықтың өлексесі табылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
итбалықтың өлексесі
Каспий жағалауында 289 итбалықтың өлексесі табылды / Фото: Instagram, Азамат Сәрсенбаев, бильд-редактор Ахтам Зиперов

24-28 қазан аралығында Каспий теңізінің жағалауынан 289 итбалықтың өлексесі табылды. Бұл туралы ғалым Әсел Баймұқанова әлеуметтік желіде жазды.

Ғалымның жазуынша, итбалықтардың бір бөлігінде арқанға оралған, бір бөлігінде балықшылардың торынан алған жарақаттар бар. Жүкті болған аналықтар саны да біршама. Алайда ешқандай жарақатсыз қайтыс болған итбалықтар да бар.

Ғалым олардың өлімдерінің себебін іздеу қиын болатынын жазған. Оған тек биологтар ғана емес, экологтар, технологтар мен химиктерді шақыру керек екендігін атап өткен.

«Солтүстік Каспийдің келуіне әлі ерте. Әрі итбалықтар ұрықтандырып, жүкті бола алуы олардың денсаулықтарында кінәрат болмағанын көрсетеді. Демек олар жүкті болады, сосын белгісіз жағдайдан кейін қайтыс болады», – деп жазған ғалым.

Ақтаулық белсенді Азамат Сәрсенбаевтың жазуынша, өлекселер Каспий теңізінің Баутино жағалауы аймағынан табылған.

Осыған дейін Маңғыстау облысының Түрқараған ауданында 151 итбалықтың өлексесі табылғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз