Lifestyle

Қытай «Шэньчжоу-19» ғарыш кемесін өз орбиталық станциясына аттандырды

Шэньчжоу-19
Қытай «Шэньчжоу-19» ғарыш кемесін өз орбиталық станциясына аттандырды / Фото: Синхуа

30 қазанда Қытай үш ғарышкер отырған «Шэньчжоу-19» кемесін өзінің орбиталық станциясына аттандырды. 

Қытайдың жеке «Тяньгун» («Аспан сарайы») орбиталық станциясына аттанған ғарышкерлер қатарында әйел адам бар. Ол бұл станцияға жол тартқан алғашқы әйел болмақ.

Үш ғарышкер алты ай бойы станцияда қызмет етіп, ғылыми зерттеулер жүргізуі тиіс.

«Шэньчжоу-19» ғарыш кемесі Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылған. Оны әуеге көтеру үшін қытайлық «Чанчжэн-2F» зымыран тасымалдауышы қолданылған.

Цзюцюань ғарыш айлағы Қытайдың солтүстік батысында Моңғолия шекарасына жақын Ганьсу провинциясында орналасқан. Бұдан бөлек, Қытайда тағы үш ғарыш айлағы бар: Шаньси провинциясында Тайюань, Сычуандағы Сичан және Хайнаньдағы Вэньчан айлақтары.

2021 жылы Қытай жеке ел ретінде өз ғарыш станциясын іске қосқан. Станция жерден 340-450 кмаралығында ұшып отырады. Бұл кеңестік «Мир» және Халықаралық ғарыш станциясынан кейінгі космосқа аттанған үшінші станция.