Банк пен қаржы

Қазақстандық банктер «Золотая коронамен» жұмысты тоқтатқаннан соң, шетелге ақша аударымдары қысқарды

шетелге ақша аудару
Қыркүйекте шетелге ақша аударымдары қысқарды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық банктер «Золотая корона» төлем жүйесімен жұмыс істеуді тоқтатқаннан кейін, шетелге ақша аударымдары қысқарған. Осы жайлы мәліметті Ұлттық банк статистикасынан бақылауға болады.

Ұлттық банк ұсынған 2024 жылдың қыркүйек айына арналған есепте шетелге аударымдар қысқарған. Өткен айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 63,8 млрд теңгені (тамызға -17,4%), 131,6 мың транзакцияны (-28,3%) құрады. Аударым жүйелері арасында 71,2% үлесі бар «Золотая корона» әлі де көш бастап тұр. 

Бұған қоса, қыркүйекте Қазақстанға жасалған аударымдар да қысқарған: 18,5 млрд теңге (-7,5%), 55,9 мың транзакция (-6,1%).

Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, негізгі ақша аударымдары «Золотая корона», Western Union, MoneyGram жүйелерімен жасалып отырған. Бұл үш жүйе жыл бойы көшбасшылық позициясын бермей келеді.

Қазақстаннан жіберілген аударым бойынша Өзбекстан (22 млрд теңге), Ресей (14 млрд теңге) және Түркия (12 млрд теңге) көш бастап тұр.

Ал Қазақстанға ақша көбіне Ресейден (4 млрд теңге), АҚШ-тан (2 млрд теңге) және Өзбекстаннан (1 млрд теңге) келген.