«Қазатомөнеркәсіп» Моңғолияда уранды барлау, өндіру жұмыстарын жүзеге асыруы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
«Казатомпром» может начать добычу урана в Монголии
«Қазатомөнеркәсіп» Моңғолияда уран өндіре бастауы мүмкін / Бильд-редактор: Артур Алескеров

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және «Мон-Атом» ЖШҚ моңғол компаниясы екі елдің уран саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары кезінде белгілі болды.

Қазақстандық компанияның хабарлауынша, жаңа ынтымақтастық Моңғолия аумағында уранды барлау және өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін ашады. Бұл екі тарапқа да уран саласындағы өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері ресурстарды біріктіруге және тәжірибе мен технологиялармен алмасуға мүмкіндік береді. Бұл уранды барлау мен өндірудің тиімтілігі мен қауіпсіздігін арттырады. Біз саланы экологиялық таза және қауіпсіз дамытуға ұмтыламыз және бұл әріптестік Қазақстан мен Моңғолияның халықаралық аренадағы ұстанымдарын нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндіруші, оның еншісіне уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20%-ы тиеселі. Қазіргі кезде компания еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан.

«Қазатомөнеркәсіптің» бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, AIX биржасында және KASE-де орналастырылған. Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» Қытайға ірі көлемде уран жеткізуге келісім жасады. Ұлттық компания Қытайдың CNNC Overseas және CNUC компанияларын U3O8 уран оксидімен қамтамасыз етпек. Бұл екі компания Қытайдың атом бомбаларын жасайтын мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз