АҚШ-тың Қаржы министрлігі 17 елдің 275 азаматы мен компанияларына қарсы санкция салды. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Швейцария, Қытай, Үндістан және т. б. елдер бар. Қазақстандық Kazstanex компаниясы да Ресейге жеткізілім жасағаны үшін санкциялар тізіміне енді.
АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге озық технологиялар мен жабдықтар жеткізумен айналысатын ұйымдарға қарсы санкция салды. Олардың қатарында қазақстандық Kazstanex компаниясы да бар. Ол бүкіл әлемдегі өндірушілерден станоктарды жеткізеді.
Egov.kz мәліметі бойынша компания 2014 жылы тіркелген. Оның негізін қалаушы және бірінші директоры – Василий Абрамов.
АҚШ Қаржыминінің мәліметінше, Kazstanex және Uzstanex (Өзбекстан) компаниялары Еуропадан станоктардың партияларының номиналды алушылары. Содан кейін олар Ресейге жеткізу үшін Қытайдың Shanghai Winsun компаниясына жіберіледі.
Санкциялар тізіміндегі басқа заңды тұлғалардың арасында Ресей, Қытай, Үндістан, Швейцария, Таиланд және Түркия компаниялары бар. Олардың кейбіреулері ресейлік қорғаныс компаниялары үшін жабдықтарды жергілікті құрастыруға және өндіруге, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен электроника сатып алуға көмектесті.
Сонымен қатар Ресей, Беларусь, Қытай, Үндістан және Түркия азаматтары да санкцияға ұшырады. Олардың қатарында: Ресей қорғаныс министрінің орынбасарлары – Александр Фомин, Павел Фрадков, Анна Цивилева бар. БАҚ Цивилевты Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы деп атайды.