Жаңалықтар

Ұлытау облысында шенеуніктер экология заңнамасын бұзғаны үшін 4,6 млн теңге айыппұл төледі

Ұлытауда экология заңнамасын бұзған шенеуніктер 4,6 млн теңге айыппұл төледі / фото: kursiv.media

Ұлытау облысының мандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы экология саласында бірқатар заңсыздықты анықтады. Прокуратура Жаңарқа ауданындағы 11 ауыл әкіміне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 327-1-бабы бойынша айыппұл салды.

Табиғат қорғау прокуратурасы 66 оператордың өндірістік экологиялық бақылау нәтижесі бойынша есепті ұсынбағанына қатысты 125 деректі тіркеді.

Экология департаментінің, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшыларына әкімшілік іс қозғалды. Басшылар прокурордың талаптарын орындамаған, актіде көрсетілген заңбұзушылықтарды жоюды қолға алмаған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» туралы кодекстің 664, 665, 666-баптарына сай шара алынды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған шенеуніктер 4,6 млн теңге айыппұл төледі.