ЕуроОдақ әскери-азаматтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғындарға үш күндік азық-түлік қорын жинауға кеңес берді. Ұсыныс Еурокомиссияның азаматтық және әскери қамтамасыз етуді күшейту туралы баяндамасында жазылған.
Баяндамада ЕуроОдақ елдеріне кибершабуыл немесе диверсия жасалған жағдайда тұрғындардың 72 сағатқа жететін азық-түлік қор болуы тиіс. Азық-түліктен бөлек, қорға химиялық, биологиялық немесе ядролық шабуылдарға дайындалуға кеңес берілген.
«Бір батырманы басуменмен-ақ электр желісін өшіріп, бүкіл қалаларды қараңғылыққа батыруға болады», – деп атап өтті Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен.
Бұдан бөлек, әр елге дағдарыс жағдайына дайындалу үшін бір азаматтың бір күнде жұмсайтын шығынын есептеу ұсынылды. Одақ елдері бірігіп, терроризммен, тыңшылықпен және диверсиямен күресу үшін шифрланған деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін құқықтық шеңбер құруы қажет.
Баяндамада сонымен қатар қорғаныс өнімдерінің бірыңғай еуропалық нарығын құру туралы ұсыныс бар. Бұл қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алудағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.