Ресей мен Қазақстан Байқоңырға тікелей рейс ашуға келісті
Қазақстан мен Ресей Байқоңырда туризмді дамыту үшін екі елден тікелей рейс ашу туралы келісімге келді. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
«Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкинмен кездесу кезінде ғарыш станциясына туризмді дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейден Байқоңыр қаласына әуе қатынасын орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», – делінген министрлік хабарламасында.
Көлік министрлігі нақты қай қаладан, қандай әуе компаниясына ұшу мүмкіндігі берілетінін туралы ақпарат жарияланбаған.
Келісімге келу үшін қазақстандық делегация Малайзияда өткен Әуе қатынасы жөніндегі ИКАО (ICAN-2024) келіссөздер шарасына барған.
Шара барысында қазақстандық делегация Вьетнам, Марокко, Эфиопия және Руандамен рейстер санын өсірген. Осы бес елге жалпы алғанда 14 рейстен 73 рейске дейін артқан. Вьетнам, Сингапур, Мароккр, Грузия және Эфиопия «ашық аспан» режимі аясында «ауа еркіндігі» 5-дәрежесін ерген.