Прокурор Шерзат Болаттың әкесіне қатысты тергеу жүргізілмегенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Прокурор Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу жүргізілмегенін айтты
Прокурор Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу жүргізілмегенін айтты / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Талғарда жасөспірімнің өліміне алып келген жанжал кезінде пышақпен жүрген Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық тергеу жүргізілмеген. Бұл туралы Сенат баспасөз алаңында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

«Әкесіне (Шерзат Болаттың әкесі – авт.) қатысты ешқандай қылмыстық  тергеу жүріп жатқан жоқ. Өртке байланысты іс тергеліп жатыр. Экспертиза тағайындалды. Тергеу тұрақты бақылауда. Күдіктілер ұсталып, бірқатар айып тағылған», – деп жауап берді Қойгелдиев журналистер сұрағына.

Бұдан бөлек прокурорға осы іске байланысты қызметінен кеткен қызметкерлердің қайтадан құқық қорғау органдарына жұмысқа оралуына қатысты сұрақ қойылды.

«Олардың жұмыстан шығарылғаны рас. Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті. Олардың кәсіби-карьералық болашағы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Бәлкім адвокат болатын шығар», – деді прокурор.

Алайда сұраққа нақты жауап бере алмады.

16 жастағы Шерзат Болат Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қайтыс болған. Құқық қорғау органдары көрсеткен бейнежазбада оның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың оқиға кезінде пышақ ұстап жүрген.

Талғар ауданына жаңа прокурор 30 қазанда ғана тағайындалған. Ол бұрын Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында прокурор қызметін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз