Жаңалықтар

«Қазмұнайгаз» бен «Татнефть» Атырау облысындағы «Қаратон Подсолевой» учаскесінде мұнай барлау жұмыстарына дайындықты бастайды

Мұнай бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған / Коллаж: kursiv.media

Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан «Қаратон Подсолевой» учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы мұнай іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстары талқыланды. Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ бірігіп іске асырады.

«Учаскеде бұрғылауға қажетті жабдықтар орнатылуда. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған», – деп хабарлады ҚМГ.

«Қаратон Подсолевой» учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ қарасты жұмыс істеп тұрған кен орындарының жанында орналасқан.

Бұл тұз бен құм қабаттарының астындағы кен орны. Тұзға дейінгі мұнай қиын алынатын қорларға жатқызылады. Ал сейсмикалық барлау өте күрделі.

Еске сала кетсек, 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында «Татнефть» ЖАҚ қазақстандық Karaton Operating Ltd жеке компаниясының 50% акциясын сатып алу туралы шартқа қол қойған еді. Ол дәл осы «Қаратон Подсолевой» учаскесінің операторы.