Қазақстан неге әлі күнге дейін Ресеймен бірге +7 телефон кодын пайдаланады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Телефонный код +7
Жаслан Мәдиев Қазақстанның неге +7 телефон кодында қалғанын айтты / фото: shutterstock

Сенат кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев «Қазақстанның Ресеймен бірге қолданылатын +7 байланыс кодынан неге бас тартпайтыны және бұл санкцияларға әсер етпей ма» деген сұрақтарға жауап берді.

Мәдиевтің айтуынша, санкцияларға байланысты алаңдаудың қажеті жоқ.

«Санкциялардың кодпен байланысы жоқ. Біз +7 кодын қолданамыз, бірақ оның ішінде тек Қазақстанға тиесілі қосымша нөмірлер бар: +77, +76, +75. Біз +70 кодын қосу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деді министр.

Министр, сонымен қатар, жаңа кодқа көшу азаматтар мен қолданушылар үшін ыңғайсыздық туғызатынын атап өтті.

«Телефон кітапшасында, қосымшаларда жаңа нөмірлерді енгізу қиын болады. Бұл пікірді азаматтар да қолдайды», — деді Мәдиев.

Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі Ресеймен бірге +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімге келді. Бұған дейін Қазақстанда жеке телефон кодын +997-ге ауыстыруды жоспарлаған, бірақ бұл шешім қаржылық және технологиялық қиындықтарға байланысты өзгертілді.

Сондай-ақ оқыңыз