Жаңалықтар

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 100-ге жуықтады

Испанияда су тасқынынан 95 адам қаза тапты / фото: BBC.com

Валенсия өңірінде қатты жауын-шашын мен бұршақ салдарынан болған су тасқыны нәтижесінде 95 адам қаза тапты. Испан үкіметі үш күндік қаралы күн жариялады деп хабарлайды BBC арнасы.

Өңірлік үкіметтің басшысы Карлос Масонның айтуынша, зардап шеккен аймақтарда құтқару операциялары жалғасып жатыр, және қайтыс болғандардың нақты саны әлі анықталмаған. Соңғы мәліметтер бойынша, Валенсия провинциясында 92, Кастилья – Ла Манча провинциясында 2, ал Андалусияда бір адамның денесі табылған.

Балеар аралдарында да жойқын зардаптар мен қаза тапқандар болуы мүмкін деген хабарлама бар. Қорғаныс министрі Маргарита Роблес құтқарушыларға 1000-нан астам әскери қызметкер мен тікұшақтар жіберілгенін айтты.

Көптеген тұрғындар әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен, ал теле-радиостанциялар жедел көмек күтетін азаматтардан жүздеген қоңырау қабылдап жатыр. 150 мыңнан астам үй Валенсияда электр энергиясыз қалды. Бұл су тасқыны Испания тарихында 1973 жылғы су тасқынынан кейінгі ең жойқын апат болып тұр.

Испан метеорологтарының мәліметі бойынша, Валенсияның батысындағы Чива қаласында 8 сағат ішінде 491 мм жауын-шашын түскен, бұл бір жылда жауатын нормамен шамалас.