Қазақстан түрмелерінде 1085 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр – Бас прокуратура
Қазақстан түрмелерінде 1 085 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұл жайлы Сенат отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
«Қазақстан түрмелерінде 1 085 шетелдік жазасын өтеп жатыр»,- деді прокуратура өкілі.
Сотталған азаматтар арасында Өзбекстанның 527 азаматы, Ресейдің 214 азаматы бар екен. Одан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан Республикасының азаматтары да жазасын өтеп жатыр.
Қойгелдиев прокуратура тарапынан 1998 жылғы Мәскеу конвенциясы шеңберінде ТМД мемлекеттерімен сотталған азаматтарды беруге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын, осындай шарттың өткен жылы Өзбекстан елімен ратификацияланғанын айтты.
Айтуынша, Қазақстанда мұндай 24 келісімшарт бар.
«Қазақстанның түзеу мекемелерінде Вьетнам азаматтары жазасын өтеп жатқан жоқ. Сондай-ақ Вьетнам аумағында да сотталған Қазақстан азаматтары жоқ»,- деді Қойгелдиев.