Жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігі бір адамға берілетін SIM-карталар санын шектемекші

sim
Бір адамға 10-нан артық SIM-карта берілмейді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бір адамға берілетін SIM-карталар санын шектемекші. Бұл жайлы Сенат кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Журналистер министрліктің заңнама негізінде бір адамға берілетін SIM-карталар санын шектеуді жоспарлап отырғанын, бұл нормалардың қандай халықаралық тәжірибеге сүйеніп енгізілгелі жатқанын сұрады.

Министр бұл шаралардың алаяқтық әрекеттерді тыю мақсатында қолға алынып жатқанын айтты.

«Алаяқтардан келетін түрлі хабарламалар мен қоңырауларды шектеу үшін нақты қадамдар жасау керек. Сол үшін заңнамаға өзгеріс енгізуді көздеп отырмыз. Біз SIM-карталар санын шектеу қажет деп санаймыз. Бір адамда 10-нан артық SIM-карта болмауы керек»,- деді министр.

Сонымен бірге Мәдиев телефон нөмірлерінің eGov порталы арқылы биометриялық тексеруден өткен соң, беру мәселесі де қарастырылып жатқанын айтты.

Журналистер елге саяхаттап келген туристердің телефон нөмірін қалай алатынын сұрады. Министр бұл мәселенің ескерусіз қалмайтынын айтты.

Қазақстанда телефон нөмірлері тек е-Gov порталы арқылы берілуі мүмкін екенін бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтқан болатын. Министрлік өкілі ұялы телефонға және қалалық телефондарға арналған нөмірлерді үкіметтің порталы арқылы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы алатын