Lifestyle

Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад жекпе-жегі өтпейтін болды

Шавкат Рахмонов пен америкалық Белал Мұхаммед рингке шықпайды/ фото: boxemag.com

UFC 310 турнирінде қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов пен америкалық Белал Мұхаммедтің тарихи титулдық жекпе-жегі кестеден алынып тасталынды. Бұл  жөнінде Шавкат Рахмоновтың командасы – Dar Team хабарлады.

Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді.

Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы мансабындағы маңызды жекпе-жекке тыңғылықты дайындалу үшін жақында ғана шетелге келді. Мұхаммед неге айқасқа шықпайтынын түсіндірді.

«Аяғымда сүйек инфекциясы пайда болды… IV антибиотиктер үшін қолыма катетер салынады. Алдағы 6 апта бойы физикалық тұрғыда белсенділік жоқ… Алланың жоспары – ең жақсы жоспар. Мені көргісі келген адамдардан кешірім сұраймын», – деп жазды Белал Instagram-дағы парақшасында.