Еуроодақ Temu интернет-дүкеніне айыппұл салмақ

Жарияланды (жаңартылды )
Еуроодақ Temu компаниясына айыппұл салуға шешім қабылдады/ фото: kursiv.media

Еуропалық комиссия қытайлық Temu интернет-сервисін ЕО цифрлық қызметтер туралы заңын бұзды деп күдіктенеді. DW басылымының жазуынша, Брюссель платформада заңсыз өнімдер сатылып жатыр деп болжайды.

Еуропалық комиссия қытайлық Temu интернет-сауда алыбына қарсы айыппұл салуға іс қозғады. Брюссель арзан тауарларды ғаламтор арқылы сататын компания Еуроодақтың цифрлық қызметтер туралы заңын бұзды деп айыптап отыр. 31 қазанда комиссия контрафакт және қауіпті өнімдер саудасы туралы айтып отырғанын да ашық хабарлады

Осы жолы Temu сайтының дизайны сарапталады. Сыншылар мұндай тәсілмен өнімді ұсынуы сатып алушыларды тәуелді қылады және оларды шығынға батырады деп санайды.

Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Маргрете Вестагер қытайлық компанияны сатылған өнімдердің ЕО стандарттарына сай болуын және тұтынушыларға зиянын тигізбеуін қадағалауға шақырды. Temu онлайн-дүкені  21 қазанға дейін Еуропалық комиссия сұрақтарына жауап беруге тиіс болды. DSA бойынша ұлттық реттеушілер компанияның тұтынушылар құқығын бұзғаны туралы комиссияға шағымданған. Компания жауабы Брюссель көңілінен шықпаған секілді.

Сондай-ақ оқыңыз