Қазақстандықтар 2025 жылдың сәуір, шілде, қазан немесе желтоқсан айларында еңбек демалысын алса, қосымша төлемдер ала алады. HeadHunter-дің (hh.kz) мәлімдеуінше алдағы жылы қазақстандықтар үшін 246 жұмыс күні бар.
«Қаржылық тұрғыдан алғанда, демалысты сәуір, шілде, қазан немесе желтоқсан айларында алған тиімдірек. Өйткені осы айлардың әрқайсысында 22 жұмыс күні бар. Тамыз және қыркүйек айларында да демалысқа шығу тиімді деуге болады, бұл айларда— 21 жұмыс күні бар», — деп түсіндірді HeadHunter.
Сарапшылар жұмыс уақыты неғұрлым көп болса, демалыс ақысы да соғұрлым жоғары болатынын еске салды, өйткені олар жұмыс істеген сағаттардың жалпы санына байланысты. Дегенмен, наурыз және мамыр айлары демалыс үшін аса қолайлы емес: наурызда бар болғаны 17, ал мамырда – 19 жұмыс күні бар.
«Наурыз жұмыс күндері ең аз ай, сәйкесінше демалыс ақысын қарапайым санау керек. 19 жұмыс күні бар мамыр айы да еңбек демалыс ақысы үшін де тиімді емес», – делінген HeadHunter ұсынған ақпаратта.
Демалыс күндерін есептегенде орташа біркүндік ақыны анықтап алу керек, ал ол тек жұмыс күндерінен ғана емес, сондай-ақ күнтізбелік күндерден есептеледі. Егер демалыс тек жұмыс күндеріне түссе (мысалы, дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі), онда демалысқа шыққан адамға осы күндерге орташа біркүндік ақы төленеді. Орташа біркүндік ақысы оның қызметтік ақысынан алынады. Алайда демалыс күндерін қосып алса,еңбек демалысы тиімді болады, демалыс күндері жұмыс күндеріне төленетін ақыны азайтпайды, бірақ еңбек демалысы күндерін есептегенде ескеріледі.