Ресей Федералды мемлекеттік статистика қызметі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы есебінде демографияға арналған бөлімде елдегі көші-қон көрсеткіштерін жария етпеген.
DW басылымының ақпаратына сүйенсек, демографияға арналған құжат блогында қазір тек туу, өлім және халықтың табиғи азаюы туралы ақпарат бар.
Сонымен қатар 2024 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейінгі кезеңді қамтитын ұқсас есепте «халықтың көші-қонының жалпы нәтижелері» болған, онда Ресейге келген және кеткен мигранттардың саны көрсетілген.
Осы мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың осы кезеңінде Ресейге 2 054 167 мигрант келіп, 1 978 284 мигрант кетіп қалған. 2023 жылы елге келгендер саны 2 202 959 адам болып, кеткендер саны 2 063 047 адам болған.
Басылым ақпаратына сүйенсек, Ресей Федерациясы Украинаға басып кіргеннен кейін, Орталық банктің алтын-валюта резерві жайлы барлық кедендік статистика мен деректерді құпия қылған. Бұған қоса, «ірі компанияларға топ-менеджерлері мен қаржылық көрсеткіштерін есеп жарияламауға» рұқсат берген.
2023 жылы Ресейде мұнай мен газ өндіру туралы мәліметтер «құпия» белгісін алды. 2024 жылы украиналық дрондардың бірқатар рейдтерінен кейін, Росстат бензин мен дизель отынын өндіру статистикасын жариялауды тоқтатқан.