Lifestyle

Toyota мен Nissan қытайлық көліктермен бәсекеде жеңіліп келеді – Bloomberg

Toyota мен Nissan қытайлық көліктермен бәсекелесе алмады / toyota.com, бильд-редактор: Денис Андреев

Toyota Motor Corp. және Nissan Motor Co. компанияларының көліктеріне әлемдік сұраныс төмендеп, өндіріс қысқарып, қытайлық авто өнеркәсіппен қатаң бәсекелестікке түсіп жатыр.

Bloomberg Intelligence мәліметтері бойынша, оңтүстік-шығыс Азия дамушы нарығында үстемдік ететін жапондық авто өндірушілер соңғы үш жылда қытайлық бәсекелестерге төтеп бере алмай келеді. Мәселен, Таиландта қытайлық автоөндірушілер электромобиль нарығында басымдық алған. Тек BYD жалпы сатылымның 40%-ын құраса, жапондық брендтер 1% аз. 

Жапондық авто өндірушілердің кірісінің өсуі 2025 және 2026 жылдары баяулауы мүмкін. Құлдырауға әкелуі мүмкін тағы бір фактор – Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жетсе, АҚШ-та өндірілмеген көліктерді салық жеңілдіктерінен айыру туралы жоспары болып отыр.

Болжамдарға сәйкес, Mitsubishi Heavy (7011 JP) тоқсандық операциялық кірісі екі есеге жуық өскен болуы мүмкін. Компания өзінің аэроғарыштық және қорғаныс бөлімшесінің арқасында тұрақты өсуді көрсетуі керек.

Toyota операциялық кірісі (7203 JP) екінші тоқсанда екі жылда алғаш рет төмендеген болуы мүмкін. Себебі Еуропадан басқа барлық аймақтарда табыс төмендеген. 

Nissan Motor (7201 JP) тоқсандық операциялық кірісі 66% төмендеген болуы мүмкін. Инфляция, негізгі нарықтардағы сауданың төмен болуы әсер еткен.