Қазақстанда қазан айының соңында инфляция қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда, жылдық мәнде 8,5%-ға дейін өсті деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Осылайша қазанда инфляция қарқыны артып, бір жылда 8,5% (2024 жылғы қыркүйекте – 8,3%), бір айда – 0,9% құраған (өткен айда – 0,4%).
Баға динамикасы
Деректерге сүйенсек, ақылы қызметтер бағасы бір жылда 14,3% (2024 жылғы қыркүйекте – 13,6%) қымбаттаған. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,8% (2024 жылғы қыркүйекте – 7,6%), азық-түлік құны – 4,9% өсті (2024 жылғы қыркүйекте – 5,1%).
Өткен жылғы қазанмен салыстырғанда суық су – 60,3%, орталықтан жылыту – 33,6%, су бұру – 26,9%, электр энергиясы – 22,9%, ыстық су – 18,1%, қоқыс шығару – 16,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ тарифі 11,6% өсті.
Қызметтар бағасы
Тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,9% өсті. Бұл жылда тіркелетін маусымдық құбылыс. Инфляция қарқыны байланыс қызметтері – 17,4%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру – 16,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының жұмысы – 11,9%, салт-жора қызметтері – 11,6%, денсаулық сақтау қызметтері – 11,4% саласында үдей түсті. Демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 10,8%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу – 10,7%, қоғамдық тамақтандыру бағасы – 8,8% өсті. Темір жол билеттерінің құны – 23,7%, ұшақ билеті – 16,4%, қалалық автобуспен қатынау ақысы – 11,8%, такси қызметі 10,6% қымбаттады.
Қандай тауарлар бағасы өсті?
Ең жоғары көрсеткіш қияр бағасына қатысты тіркелді. Оның құны бірден – 27,6%, қызанақ – 27%, темекі өнімдері – 15,8%, минералды және ауыз су – 14,1%, картоп – 13,9%, кондитерлік өнімдер – 12,6%, салқындатылған сусындар – 11,4%, жеміс және көкөніс шырындары – 10,4%, жұмыртқа бағасы 9,4% артты.
Арзандаған тауарлар тізімі
Ал қарақұмық жармасының бағасы – 21,9% төмендеді. Сонымен қатар қырыққабат – 20,8%, сәбіз – 16,2%, күнбағыс майы 9,2%-ға арзандай түсті.
Өңірлер бөлінісінде он өңірде орташа республикалықтан жоғары инфляция қалыптасты. Ең жоғары көрсеткіш – Астанада (10,2%), Маңғыстау облысында (9,7%), Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында (9,4%-дан) тіркелді.
Еске сала кетсек, инфляция 2024 жылғы маусымда 8,4%-ға жетіп, шілдеде баға динамикасы 8,6%-ға дейін жеделдеген еді.