Авто

Әлемдегі ең мықты электрокөліктердің тізімі жарияланды

Әлемдегі ең мықты электрокөліктердің тізімі жарияланды / архив kursiv.media

Ресейлік motor.ru ресурсы әлемдегі ең қымбат әрі мықты электрокөліктердің тізімін жариялады. Тек қытайлық электрокөліктер мен Tesla ғана таныс қазақстандық нарық үшін тізімдегі көліктердің көпшілігі таңсық. Тіпті кейбірінің атын қазақстандық автоәуесқойлар ғана емес, дамыған елдерде естімеген. Өйткені арасында бірнеше ғана данамен шыққан әрі тек сирек көліктерді жинайтындар ғана білетін электрокөліктер де бар.

Ең үздіктің бірі – Rimac Nevera. Төрт электромотормен, 800 вольттық акккумулятормен жабдықталған Nevera бар болғаны 150 данамен шыққан. Қазақстанға келмеуі де мүмкін.

Aspark Owl – жапондар шығарған әлемдегі ең мықты электрокөліктің бірі. Төрт электромотормен, он поршенді тежегіш жүйесімен жабдықталған Owl шынымен де таңғалдырады. Бар болғаны 50-ақ данамен шыққан көлік 100 шақырымды 1,78 секундта бағындыра алады және сағатына 413 шақырым жүре алады.

Lotus Evija – бар болғаны 130 данамен ғана шығады. 1,9 тонналық суперкөлік төрт моторлы. Шығарушы компания 300 ш/сағат 9,2 секунда алады, деп отыр. Алайда бір кемшілігі бар, электроқуаты бар болғаны 315 шақырымға жетеді.

Бұл электрокөліктердің бағасы туралы ақпарат жоқ десе де болады. Өйткені ол жалпы нарыққа арналмаған. Жабық нарықта, шығарушы компания тізіміндегі санаулы клиентке ғана құпия сатылады.

Жаппай сатылымға шығатын электрокөліктердің рейтингіне тоқталар болсақ, төмендегідей:

  1. Mini Cooper Electric — 770 балл.
  2. Ford Mustang Mach-E — 764 балл.
  3. Hyundai Ioniq 6 — 759 балл.
  4. Kia EV6 — 739 балл.
  5. Nissan Ariya — 739 балл.
  6. Chevrolet Bolt EUV — 738 балл..
  7. Chevrolet Bolt EV — 733 балл.
  8. Hyundai Ioniq 5 — 727 балл.
  9. Kia Niro EV — 706 балл.
  10. Ford F-150 Lightning — 704 балл.

Америкалық JD Power жасаған бұл тізімде Қазақстан нарығына таныс Қытай электрокөліктері жоқ. Бірақ JD Power-дің қытайлық электрокөліктерге арналған рейтингіндегі алғашқы үштікте Geely Panda mini (202 PP100), Chery eQ1 (208 PP100) және BYD Seagull (211 PP100) тұр. Олар Қазақстан нарығында сатылмайды. Сондықтан таныс болмауы мүмкін. Ал Қазақстанда сатылатын электрокөліктердің рейтингі әлі жасалмаған.

Айта кетейік, бұған дейін 2040 жылға қарай Алматы, Астана және Шымкенттегі электромобильдердің жалпы үлесін 70%-ға жеткізу жоспарланып отырғаны туралы хабарлаған едік.