Lifestyle

Сабина Алтынбекова индонезиялық волейбол клубымен келісімшартқа отырды

Сабина Алтынбекова индонезиялық волейбол клубымен келісімшартқа отырды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сабина Алтынбекова индонезиялық волейбол клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы волейболшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Құрметті достар, мен Пролига 2025-те ойнау үшін Yogya Falcons волейбол клубымен келісімшартқа отырғанымды хабарлап, қуанышты жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Командаластарыммен және барлық индонезиялық волейбол жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтемін. Жақын арада көріскенше!» деп жазды Сабина.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова былтыр ұзақ үзілістен кейін, волейболды қайта бастады. Былтырғы маусымда Араб әмірлігінде «Аль-Васл» командасында өнер көрсетіп, чемпион атанған еді.

Бұған дейін, Қазақстан волейбол федерациясын 26 жыл бойы басқарған Нұртай Әбіқаев қызметін босатып, оның орнына Волейбол федерациясының президенті болып Қаржы министрі Мәди Такиев сайланған еді.