Cалық төлеушілер қараша айында қандай төлем жасауға міндетті?

Жарияланды
Салық есептері 15 қазаннан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

2024 жылдың қараша айында салық төлеушілер бірқатар салық есептерін тапсырып, төлем жасауы тиіс.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге қолайлы болуы үшін нысан беру және салық төлеу мерзімдері туралы ақпаратты жинап, жария етті. Оның ішінде корпоративті және жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қосымша құн салысы, акциздер және басқа да міндетті төлемдер бар.

Салық есептері 15 қазаннан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

Атап айтқанда, олар:

  • 2024 жылдың 3 тоқсаны үшін резиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративті табыс салығы есебі (101.03 және 101.04  нысандары);
  • 2024 жылдың 3 тоқсаны үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларациясы (200.00 нысаны);
  • 2024 жылдың 3 тоқсаны үшін қосымша құн салығы бойынша декларация (300.00 нысаны);
  • 2024 жылдың қыркүйек айына арналған салық салуға байланысты құрылымдық бөлімшелер мен объектілердің акциз және есеп бойынша декларациясы (400.00 және 421.00 нысандары);
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған экспортқа рента салығы декларациясы (570.00 нысаны);
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған пайдалы қазбаларды өндіруге салық декларациясы (590.00 нысаны);
  • 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша 2024 жылға жер салығы және мүлік салығының ағымдағы төлемдерінің есебі (701.01 нысаны);
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған ойын бизнесіне салық декларациясы (710.00 нысаны);
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған беткі көздердің су ресурстарын пайдалану үшін төлем декларациясы (860.00 нысаны);
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған қоршаған ортаға жағымсыз ықпал үшін төлем декларациясы (870.00 нысаны);
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған сандық майнинг үшін төлем декларациясы (880.00 нысаны);
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған бөлшек салықтың арнайы салық режимінде қолданылатын салық төлеушілердің декларациясы (913.00 нысаны)

2024 жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей:

  • 2024 жылдың қазанына арналған тауар әкелу және қосымша салық төлеу туралы өтініш (328.00 нысаны);

Төлемдер:

2024 жылдың 5 қарашасынан кешіктірілмей:

  • 2024 жылы қазан айында жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (жеке нотариус, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) табысы бойынша жеке табыс салығы.

2024 жылдың 20 қараша айынан кешіктірмей:

  • 2024 жылдың қазан айына арналған Еуразиялық экономикалық одақтағы қосымша құн салығы;
  • Акциз, соның ішінде, 2024 жылдың қазан айына арналғанЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағынан импортталған тауар бойынша;

2024 жылдың 25 қараша айынан кешіктірмей:

  • Корпоративті табыс салығы, 2024 жылдың қазан айына арналған алдын ала төлемдер;
  • 2024 жылдың қазан айында төленген табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративті табыс салығы;
  • 2024 жылдың қазан айында төленген табыстан төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы;
  • 2024 жылы қазанда төленген табыстан жеке табыс салығы;
  • 2024 жылдың қазан айына арналған СМП пайдалану арқылы арнайы салық режимінде қолданылатын ЖК табысынан жеке табыс салығы;
  • 2024 жылдың қазан айына арналған бөлшек салықтың арнайы салық режимінде қолданылатын салық төлеушілердің декларациясында көрсетілген корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы;
  •  2024 жылдың 3 тоқсанына арналған қосымша құн салығы;
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған экспортқа ренталық салық;
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған пайдалы қазбалар өндіруге салық:
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған әлеуметтік салық;
  • 2024 жылдың 25 қазанынан кешіктірмей мерзімдер бойынша ағымдағы төлем, жер салығы;
  • 2024 жылдың 25 қазанынан кешіктірмей мерзімдер бойынша ағымдағы төлем, мүлік салығы;
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған ойын бизнесіне салық;
  • 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған сандық майнинг үшін төлем;
  • 2024 жылдың қазан айына арналған бірыңғай төлем;
  • 2024 жылдың қазан айы үшін міндетті зейнетақы жарнасы;
  • 2024 жылдың қазан айы үшін міндетті кәсіби зейнетақы жарналары;
  • 2024 жылдың қазан айы үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
  • 2024 жылдың қазаны үшін әлеуметтік аударымдар;
  • 2024 жылдың қазаны үшін МӘМС-ке аударымдар мен жарналар төленуі қажет.   

«Салық төлеуші кабинеті» (https://cabinet.kgd.gov.kz), сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және e-Salyq Business арқылы есеп тапсыруға болады.

«Өсімақыға тап болмау үшін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық төлеу қажет», – деп ескертеді салық органы.

Сондай-ақ оқыңыз