Түркия билігі «шетелдік агенттер туралы заң жобасын» әзірледі. Құжат «шетел мемлекетінің немесе ұйымының ықпалымен немесе тапсырысымен мемлекеттің қауіпсіздігіне немесе оның саяси мүдделеріне қарсы» жұмыс істейтіндердің қызметін шектеуге бағытталған. Бұл жөнінде Bloomberg жазды.
Азаматтық қоғам бұл жоба сөз бостандығын шектейді деп қауіптенеді. Түркияның саяси мүдделері өзгеріске ұшырауы, үкіметке қатысты кез келген сыни пайымға күресуге пайдалануы мүмкін екені де айтылуда.
Заң жобасы алдағы күндері ел парламентінде талқыланады деп жоспарланған. «Шетел агенті туралы» заң баптарын бұзғандарды жеті жылға дейін бас бостандығын айыру көзделіп отыр.
Оппозициялық Республикалық халық партиясы бұл заң жобасын сынап, «репрессиялық ортаны» қалыптастыруға негіз болатынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей, Қырғызстан және Грузия «шетел агенті» туралы заңды қабылдаған.