Алматы облысында елдегі алғашқы вольфрамды қайта өңдеу зауыты ашылды, Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
«Құны 300 млн доллар болатын жоба халықаралық экологиялық және өнеркәсіптік стандарттарды ескере отырып құрылды. Зауыт жергілікті халыққа 1000 жұмыс орнын ашады. Жоба қуатты артқанда жыл сайын 3,3 млн тонна кен өңдеп, 65% вольфрам концентратын өндіреді», – делінген хабарламада.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі объектілердің дайындығы: шлам қоймасы – 60%, байыту фабрикасы – 60%, сыртқы сумен жабдықтау объектілері – 85%, сыртқы электрмен жабдықтау – 100% (110 кВ желісіне қосылған), ішкі электрмен жабдықтау – 90% құрайтынын хабарлаған.
Жобаны Jiaxin International Resources Investment Ltd халықаралық холдингінің құрамына кіретін «Арал Кеген» ЖШС басқарады. Дегенмен жобаға Jiangxi Copper Corporation, China Railway Construction Company, China Civil Engineering Construction Company және Ever Trillion International Singapore Pte Ltd компаниялары қосылған.
Компаниялар тобы келесі жоспар бойынша вольфрам құрамы 88,5% жоғары таза вольфрам карбидін шығаратын терең қайта өңдеу кешенінің құрылысы кіреді. Осы кезеңге инвестициялардың күтілетін көлемі 150 млн долларды құрайды.