Қазақстан іздеу салған ағайынды Сутягинскийлердің бизнесіне қатысы бар азаматтар Ресейде қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресейде Сутягинскийлер бизнесіне қатысты тергеу басталды / kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қазақстан іздеу салған «Титан» компаниялар тобының басшылары ағайынды Михаил және Александр Сутягинскийлердің бизнесіне қатысы бар азаматтар Ресейде қамауға алынды.

Ресей тергеушілерінің мәліметінше, кәсіпкерлерге 10 жылдан астам уақыт бойы ұйымдасқан қылмыстық топ қысым көрсетіп, «Титан» компаниялар тобынан 1,6 млрд. рубль (шамамен 30 млрд теңге) мұнай өнімдерін ұрлаған.

РБК дереккөзінің хабарлауынша, іс бойынша «Титан» бас директорының шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі бұрынғы орынбасары Юрий Жигадло, сату департаментінің бұрынғы директоры Сергей Писмиченко және мұнай өнімдерін сату департаментінің бұрынғы директоры Игорь Зыков қамауға алынған.

Оларға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады, қару-жарақ контрабандасы мен заңсыз айналым жасады, ақшаны немесе мүлікті ұрлады және заңдастырды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, Қазақстан ІІМ 2024 жылғы ақпанда Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы депутаты Михаил Сутягинскийге іздеу салған. Министрлік іздеу салудың себебін түсіндірмеген.

Бұл сәтте оның ағасы Александр Сутягинский де 10 жылдан астам уақыт іздеуде болған. Ол 2013 жылы өлтіруді ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталған. Кейіннен жаза шартты мерзімге өзгертілгенде Александр Қазақстаннан қашып кеткен.

Михаил мен Александр Сутягинскийлер 2006 жылы Қарағандыда металл кремний өндіретін зауыт салу үшін құрылған Silicium Kazakhstan компаниясына иелік етті. Олар жобаға өздерінің ресейлік компаниялары арқылы қатысқан.

Олар Қазақстанның солтүстігінде биоотын шығаратын зауытқа иелік еткен. Екі кәсіпорын да іске қосылғаннан кейін көп ұзамай ҚДБ және басқа құрылымдар берген қарызды мақсатсыз пайдалануына байланысты жұмысын тоқтатқан. Silicium Kazakhstan-ның кредиторлар алдындағы берешегі 230 млн доллардан асқан.

Сондай-ақ оқыңыз