Алматы энергетика және байланыс университеті және Ресейдің Қазан, Новосибирск және Севастополь қалаларындағы жоғары оқу орындарымен бірге «инженерлік тарату желілерін цифрлық модельдеу жөніндегі» жаңа бағдарламасы бойынша оқу жүйесін бастады. Жобаға қатысу үшін Қазақстан мен Ресейден 51 студент іріктеліп алынған.
Халықаралық бағдарлама бір жылға арналған. Үздік студенттер тағылымдамадан өте алады. Оқыту Energynet.LAB интеллектуалды бөлінген энергетика саласындағы ғылыми-білім беру зертханаларының базасында өтеді.
«Бағдарлама электр желілерін модельдеуге бағытталатын болады. Электр энергетикасы бизнес-процестерінің санасы мен түсінігін өзгертуге, сондай-ақ осы саладағы жаңа технологияларды тануына жол ашады», – деді конструкторлық бюроның қызметкері Артем Тарасов.
Оқыту бағдарламасы үш блоктан тұрады: теориялық және практикалық сабақтар, сондай-ақ, нақты желілік компаниядағы тағылымдама қорытындылары бойынша бітіру жұмысын жазу. Бонус ретінде үздік студенттер электр желілеріне зияткерлік жүйелерді енгізген технологиялық компанияда тағылымдамадан өтеді.