Жаңалықтар

Үкімет инфляцияны жоғары бағаласа зейнетақы мен жалақыны индексациялауға тура келеді – экономист Меруерт Махмұтова

Меруерт Махмұтова
KURSIV MEDIA арнасы экономист Меруерт Махмұтовамен сұхбаттасты Фото: shutterstock

Үкімет 2025 жылға болжам ұсынған кезде инфляцияны төмен бағалауға тырысады. Себебі оны жоғары бағалау жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялағы алып келеді. Бұл туралы KURSIV MEDIA арнасына экономист Меруерт Махмұтова айтып берді.

«2025 жылғы болжамды ұсынғанда үкімет инфляцияны төмен бағалауға тырысады. Себебі үкімет 2023 жылғы инфляцияны бағалағанда 10 пайыз деп болжаған. Ал ол 22 пайызға жетті. Егер осы мөлшерде бағаласа, зейнетақы, ең төменгі жалақы мен жәрдемақыларды да индексациялауға тура келетін еді», – деді экономист.

Маманның айтуынша, үкімет 2023 жылға болжам жасағанда Ресей мен Украина арасында соғыс басталатынын білмеген. Соғыс жағдайына байланысты елге келетін көрші ел азаматтары туралы ақпарат та ескерілмеген. Бұған қоса, осы кезеңде дүниежүзінде нарық өзгерген.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ НЕГЕ ӘЛСІЗ? Мұнай бағасы, Ұлттық қор, инфляция жайлы шындық

«Үкімет осы тұста инфляциямыз төмендетеміз деп тұрып, оны одан әрі ұлғайтып алды.  Оларұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болжам жасағанда осы сияқты қауіптерді ескермейтіні де бар», -деді маман. 

Экономист Үкімет болжамына қарағанда Ұлттық банк болжамдары мен шешімдеріне сенім жоғары екенін айтты. Себебі Ұлттық банк жұмысы ашық жүргізіледі. Олар қандай да болжам жасамас бұрын ол туралы ашық талқылауға түседі.