Алматы облысының Райымбек және Кеген аудандарының тұрғындары 2 балл жер сілкінісін сезінде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
«ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 02 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісі тіркелді», – делінген хабарламада.
Сілкініс ошағы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы мен Кеген ауданы Кеген ауылына жақын аймақтағы Қытай-Қырғызстан шекарасында болған. Ошақ Алматы қаласынан 258 кмқашықтықта орналасқан.
Қазақстанға жеткен қарқыны шамамен 2 балл болған. Министрлік зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат түспегенін атап өтті.
2024 жылдың басында Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарында 5 балдық жер сілкінісі болып, 8 адам зардап шеккен. Осыдан кейін өңір басшылығы мен жауапты министрлік болжам жасау жүйесін жаңартқан.