Израиль мен Иран қақтығысы: АҚШ-тың B-52 бомбалаушы ұшақтары Таяу Шығыс аймағына орналасты

Жарияланды
АҚШ-тың B-52 бомбалаушы ұшақтары Таяу Шығысқа келді/ фото: Кайл Уилсон / АҚШ ӘӘК

Американың B-52 ұзақ қашықтыққа ұшатын стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Таяу Шығыстағы CENTCOM аймағына келді. Бұл туралы X әлеуметтік желісі арқылы АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Майнот Әскери-әуе күштері базасында (Солтүстік Дакота) орналасқан Бесінші қанаттың бөлігі ретінде B-52 Stratofortresses ұша CENTCOM-ның жауапкершілік аймағына келді», – делінген хабарламада.

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы Таяу Шығыс, Шығыс Африка және Орталық Азиядағы әскери күштерді басқарады.

2 қараша күні АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Таяу Шығыста қосымша күштерді орналастыруға бұйрық берді. АҚШ қақтығыс аймағына, атап айтқанда, зымыранға қарсы қорғанысқа арналған эсминецтерді, жойғыштар эскадрильясын және жанар-жағармай құю ұшақтарын, сондай-ақ бірнеше В-52 ұшағын алып баратыны белгілі болды.

Пентагон бұл шешімнің Израильге орналастырғалы отырған «Таад» зымырандық қорғаныс жүйелеріне қатысты шешіміне және АҚШ теңіз жаяу әскері бөлімшесінің Шығыс Жерорта теңізіне қонуға дайындығына байланысты екенін айтты.

Қазан айында жалғасып жатқан қақтығыс кезінде F-15E Strike Eagle және F-16 Fighting Falcon жойғыш ұшақтар және A-10 Thunderbolt II шабуылдаған арналған ұшақтар бірнеше мың әскери қызметкермен бірге Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келді.

26 қазанға қараған түні Израиль Иранның үш провинциясындағы – Тегеран, Хузестан және Иламдағы әскери нысандарға әуеден соққы берді. Иран билігі кек қайтаруға уәде берді. АҚШ Тегеранды бұл әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Америка Құрама Штаттары Иранға шабуыл жасалған жағдайда Израильді тоқтата алмайтынын ескертті, деп жазды Axios порталы. Вашингтон бұл сәлемін Тегеранға Швейцария арқылы жолдаған.

Израильдің барлау қызметінің мәліметі бойынша, Тегеран қарсыласы Израильге Ирак аумағы арқылы жауап қайтаруға дайындалуда. Қарымта шабуыл АҚШ-та 5 қарашада өтетін президент сайлауына дейін болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз