Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырған «Кезби» ЖШС-ның атқарушы директоры Ержан Кезбаев ұсталды

Маңғыстауда «Кезби» ЖШС-ның атқарушы директоры Ержан Кезбаев ұсталды/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Маңғыстау облысында «Кезби» ЖШС-ның атқарушы директоры Ержан Кезбаев ақша жымқырғаны үшін тергеледі. Оған компанияның қоса салықтан жалтарғаны анықталып отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау департаменті қылмыстық іс  қозғады.

Аталған ЖШС 2021 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен келісім жасасқан. «Кезби» жұмыс істеген бригадаға сағатына 65 мың теңге төлейтінін хабарлаған.

Одан бөлек жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы ескеріліп, төлейтін сома – 87 мың теңгеге өсті. Оның ішінде медициналық сақтандыру және басқа төлемдер қарастырылған.

Бірақ уақыт өте 321 млн теңгенің мақсатты түрде жұмсалмағаны мәлім болды.  

«Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деп күдіктелуде», – деп мәлімдеді ҚМА.

3 қарашада ұсталған ЖШС басшысына сотқа дейін тергеу процедурасы басталды.