«Қазақстан темір жолы» 177 локомотив сатып алу үшін француз банкінен қарыз тартады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 1980 жылдары шығарылған ескі локомотивтерін француздардың электровозымен алмастырмақ. Бұл локомотивтерді сатып алуға француз банкі қарыз береді. ҚТЖ мен француздың Société Générale банкі осы мақсатта келісімге келген.

«ҚТЖ және Société Générale француз банкі Париждегі Қазақстан-француздық Іскерлік кеңесінде Alstom электровоздарын сатып алуды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісім жасасты», – делінген.

Француз банкінің төмен пайызбен беретін кредитіне ҚТЖ 117 Alstom локомотивін сатып алады. Кепілгер Францияның қаржы министрлігінің BPI France экспорттық-кредиттік агенттігі болмақ.

Локомотивтер 2028 жылға дейін ҚТЖ-ға жеткізіледі деп жоспарланған.»Қазақстан темір жолы», «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС және ALSTOM 2028 жылға дейін локомотив жекізумен қатар, сервистік орталықтар құруға келіскен.

ҚТЖ жаңа локомотивтердің шығыны төмен, электр энергиясын аз жұмсап, сондай-ақ сенімді екенін атап өтеді. Олар салмағы 9000 тоннаға дейінгі жүк пойызын тасымалдауға қабілетті.

Бұған дейін ҚТЖ АҚШ-тың Wabtec компаниясынан 405 млн долларға локомотив сатып алмақ.

Сондай-ақ оқыңыз