Мемлекеттік құпияға қатысы бар қазақстандықтар рұқсатсыз шетелге шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Руслан Саркуловтың мәжіліс депутаттарына берген жауабында жазылған.
«ӘҚБтК – нің 504-бабының екінші бөлігі бойынша әрекетінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайда мемлекеттік құпиялармен немесе олардың тасымалдаушыларымен жұмыс істейтін азаматтар құпияны сақтау режиміне қатысты талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады», – делінген жауапта.
Қазір бұл өзгерту мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге рұқсаты бар азаматтарға қатысты қолданылады. Алайда арнайы рұқсаты бар азаматтар жауапқа тартылмайды. Ұсынылған түзету бұрынғы ережені бұзу фактілері бойынша болған істерге де әсер ете алады.
Айта кетейік, мемлекеттік құпиямен жұмыс істейтін азаматтар шетелге шықпас бұрын 7 күн алдын ҰҚК-нен рұқсат алу керек. Рұқсат алу үшін өзінің шетелге шығу мақсатын, нақты уақытын, қашан қайтып келетінін түсіндіріп, құзырлы орган басшысының атына өтініш жіберуі қажет.