Уоррен Баффет холдингі Apple акцияларының қомақты бөлігін сатты
Миллиардер Уоррен Баффет 2024 жылдың үшінші тоқсанында да Apple және Bank of America акцияларын сатуды жалғастырды. Және оның орнына ешнәрсе сатып алмаған. Осылайша миллиардерге тиесілі Berkshire Hathaway конгломераты қаржылық жағынан рекордтық 325,2 млрд долларға жетті.
Bloomberg ақпаратына сүйенетін болсақ, Berkshire Hathaway операциялық кірісі сақтандыру қызметінен түсетін кірістің төмендеуіне байланысты өткен жылмен салыстырғанда бір тоқсан ішінде 6% (10,09 млрд долларға дейін) төмендеген. Үшінші тоқсанда Уоррен Баффет өзінің маңызды пакеттерін қысқартып, орнына өзге акциялар сатып алудан бас тартты.
Қаржы конгломераты үшінші тоқсанда бірде-бір акция сатып алған жоқ. Осыған дейінгі ірі сауда 2023 жылдың төртінші тоқсаны мен 2024 жылдың бірінші тоқсанында жасалған. Конгломерат өз акцияларын 2 млрд долларға сатып алған. Ал екінші тоқсанда сатып алуға бар болған 345 млн доллар жұмсаған.
Басылымның есебі бойынша Баффет өзіне тиесілі Apple және Bank of America бағалы қағаздарын шамамен 25% қысқартқан. Үшінші тоқсанда Apple акцияларының шамамен 17% сатқан, оның жалпы құны 69,9 млрд доллар болған. Маусым айында Berkshire Hathaway портфолиосындағы Apple пакеті 84,2 млрд долларға бағаланған.
Berkshire Hathaway Apple-дің үлесін 2023 жылдың төртінші тоқсанынан бастап қысқартып келеді. Мамыр айында өткен акционерлердің кездесуінде Баффет бұған салықтың тікелей қатысы барын айтқан. Оның айтуынша, инвестициядан түскен пайданың 21% салыққа кетеді.