Astana International Exchange биржасы 2024 жылғы қазанның нәтижелерін жариялады.
Қазан айында жалпы сауда көлемі өткен аймен салыстырғанда 60%-ға өсіп, 175 млн долларға жуықтады. Оның 88%-ы немесе шамамен 154 млн доллары борыштық құралдар саудасына тиесілі.
Транзакциялар саны қыркүйектегі көрсеткіштен 17%-ға асып түсті. Сондай-ақ, қазан айы орналастырылған бағалы қағаздар саны бойынша биржа тарихындағы ең жоғары көрсеткіштер тіркелген кезең болды.
Осылайша AIX индексі бір айда 17,8%-ға өсті. Бұл ретте қазан айында Freedom Finance (14,4%), Solidcore (8,2%), «Қазатомөнеркәсіп» (7,1%) бағалы қағаздары ең жоғары динамика көрестті.
Ал Central Asia Metals (-13,7%), Air Astana (-10,7%), KEGOC (-4,7%) құнды қағаздарының құны төмендеді.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың қазанындағы ел биржаларындағы ең өтімді акциялар тізімі жарияланған еді. AIX биржасындағы алғашқы шетелдік эмитент атанған Solidcore Resources бірінші орында болы. «Қазақтелеком» финтех холдинг Kaspi-ді ығыстырып екінші орынға тұрақтаған. Үшінші орынға – Kaspi.kz орныққан болатын.