The Economist: Қытай әлемдегі пайдалы қазбаларға бақылауды күшейтеді
2023 жылы қытайлық компаниялар миноритарлық инвестицияларды есептемегенде, бүкіл әлем бойынша кен орындарына шамамен 16 млрд доллар инвестициял салды. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы The Economist хабарлады.
8 қазанда Қытайдың мемлекеттік кәсіпорны Ауғанстандағы мыс кенішіне 5 млрд доллардан астам инвестиция салу туралы жоспарын жариялады. Кейінірек Қытайдың ең құнды листингілік тау-кен компаниясы Zijin Mining Ганадағы алтын кенішіне 1 млрд доллар салатынын мәлімдеді. 14 қазанда қытайлық компаниялар тобы алдағы бес жылда Замбияда кен өндіруге 5 млрд доллар инвестициялау туралы уәде берді. Бұған қоса Chinalco Филиппиндегі ең ірі мыс кенішінің үлесін алуға ниетті.
«Қытай компаниялары әлемдік минералды өндірістің көп үлесін бақылайды. Оның ішінде никель мен литийдің шамамен 50%-ын, кобальттың 40%-дан астамын және мыстың 20%-ы бар. Оның басым бөлігі шетелде өндіріледі», – деп хабарлады The Economist.
Соңғы жылдары қытайлық инвестициялар мыс өндіруге бағытталған. Аспан асты елі компаниялар салған шетелдік инвестициялардың шамамен 60%-ы осы мыс кеніне бағытталған.
China Minmetals еншілес кәсіпорны MMG Ботсванадағы мыс кенішін шамамен 2 млрд долларға сатып алды. Осылайша өндірісті екі еседен астам арттыруға 800 млн доллар инвестиция салатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, қытайлық компаниялар сирек кездесетін металдар нарығында қатысуын арттыра бастады. Мамыр айында Ganfeng Lithium серіктесінен Малидегі әлемдегі ең ірі литий кеніштерінің бірін сатып алды.
Кеннің басым бөлігі Қытайға тасымалданады. 2024 жылдың 9 айында аталған ел мыс 12%, кобальт 21% және боксит 20%-ға көберек импорттады.
Тазартылған пайдалы қазбаларға келетін болсақ, Қытай әлемде аккумуляторлық класстағы литийдің 60%-ын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар никельдің 65%-ы, кобальттың 70%-ы және неодим сияқты сирек металдың 90%-ын қамтамасыз етеді. Содан кейін бұл металдар әлемдегі электр көліктерінің жартысына жуығын және литий-ионды аккумуляторлар мен күн панельдерінің 80% өндіретін Қытай зауыттарына жеткізіледі.
Еске сала кетсек, Қытай өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвесторларды тартуға рұқсат берген еді.